БҚО-да ХҚКО-ны дамыту мақсатында 10 пилоттық жоба іске асады

22 Сәуір 2021, 23:07
1540
Бөлісу:
БҚО-да ХҚКО-ны дамыту мақсатында 10 пилоттық жоба іске асады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бүгін жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды.

Бүгін жұмыс сапарымен БҚО болдым. Әрине мұндай сапарларда әріптестерімізбен және қызметкерлермен бірлесіп, біздің саланың жұмысын жетілдіру бойынша шешімдер мен жаңа идеяларды бірге қабылдаймыз. Біріншіден, ХҚКО арнайы барған кезімде оңтайландыруды қажет ететін процестің бірі ол – жүргізуші куәлігін алуға құжаттарды қабылдау мәселесінің оң шешім табуы. Оператор клиенттің барлық құжаттарын сканерлейді, дегенмен біз мемлекет ретінде қолда бар құжаттарды базаға қайталап енгізбеуіміз керек. Екіншіден, әріптестеріме автомектептердің деректер базасын құруды және барлық қажетті деректерді алу үшін олардың жүйелерін бізбен біріктіруді тапсырдым. Үшіншіден, тұтынушының тілегін ескере отырып, ХҚКО жекелеген шағын бөлімшелерін бір-біріне жақын маңда ашу идеясы пайда болды. (СОО, ЖОО, мектептер және т.б.) мысалы, студент басқа қаладан келді және сол жерде ЖОО-да барлық өзіне қажетті мемлекеттік қызметтерді алса дейміз. Болашақта еліміз бойынша осындай қызмет көрсету орталықтарын көбейту мақсатында әкімдікпен 10 пилотты жобаны іске қосуға келісім жасадық - деп жазды министр өз парақшасында.

Сондай-ақ ол Open әкімдікке барғанын айтты.

Ол жерде де бірқатар мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, мысалы, ауыл шаруашылығы министрлігіне құжаттарды қабылдау және жіберу және т.б. бұл үшін әкімдік белгілі бір қызметкерлер осында бөліп қойған. Ол тексеру жүргізіп, ХҚКО-ға беруге болатын мемлекеттік қызметтерді анықтау мақсатында жұмыс істейді. Одан бөлек әкімшіліктен келген әріптестеріме «қауіпсіз қала» атты жүйенің қалай жұмыс істейтінін көрсеттім - деді министр.

Сондай-ақ Әкімдік тарапындағы әріптестер пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін анықтау үшін және әкімдікке қарасты ауылшаруашылығы мен басқа да салаларды дамытудағы қажеттіліктері үшін ғарыштан түсірілген деректер базасына қол жеткізе отырып, жоғары және орта рұқсаттағы ғарыш түсірілімдерін қалай кәдеге асырып жатқанын жеткізді.

Осы сапарымда ТрансТелеКом салған деректер орталығын аралап көрдім. БҚО үшін бұл ақпараттық қауіпсіздік деңгейін және бизнеске арналған кибер шабуылдардан қорғану үшін жақсы триггер. Жалпы, өңірді цифрландыру процесіне қамту деңгейін көрсеткен облыс әкімі Ғали Есқалиев пен Мұхтар Манкеевтің бүгінгі бөліскен жоспарларды іске асыруы қуантты. Біз жұмыстың одан да жоғары қарқын алып, нәтиже бергенін күтеміз және оны жүзеге асыруға көмектесеміз - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы