БҚО-да екі көлік соқтығысып, 4 адам зардап шеккен

29 Мамыр 2021, 03:31
7836
Бөлісу:
БҚО-да екі көлік соқтығысып, 4 адам зардап шеккен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 28 мамыр күні түсте Орал-Атырау күрежолы бойында Ақжайық ауданы аумағында болды.

Ақсуат ауылы тұсында «Шевролет Круз» және «Ниссан» автокөліктері соқтығысты. Соның салдарынан «Ниссан» автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі мен жолаушысы сынық жарақаттарын алған.

43 жастағы Атыраулық ер адам орталық ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне жатқызылған.

Өзгелердің жаңалығы