БҚО-да бір топ адам 11 адамның малын тонаған

3 Қыркүйек 2021, 03:25
3408
Бөлісу:
БҚО-да бір топ адам 11 адамның малын тонаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында 11 адамның малын ұрлап, 3 миллионнан астам теңге залал келтірген топ құрықталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Қазіргі кезде Теректі ауданының 2004, 2003 және 1999 жылғы үш тұрғынына қатысты ҚР ҚК 188-1 3-бөлігіне (мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұйымдасқан топ биылғы мамыр айынан бері өзара келісіп, мал ұрлығымен айналысып келген. Олар малды негізінен еркін жайылымнан әкетіп отырған.

Толық ақпарат тергеу аяқталғаннан кейін беріледі.

БҚО Полиция департаменті тұрғындардан малды бағусыз жібермеуді өтінеді. Өйткені қараусыз жүрген мал оңай олжаға айналады. Екіншіден, жол-көлік оқиғаларының болуына себепші болады, – делінген ақпаратта,

Өзгелердің жаңалығы