БҚО-да 600-ден аса тұрғын интернет-алаяқтың құрбаны болған

10 Маусым 2021, 04:26
1950
Бөлісу:
БҚО-да 600-ден аса тұрғын интернет-алаяқтың құрбаны болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оның ішінде 350-ден астам факті интернет-алаяқтық фактісі санатына жатады. Пандемия кезінде онлайн сауданың қызған шағында қаржы жымқыру қылмысы былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге өскен.

Тұрғындар тауардың бар-жоғын анықтамастан қаржысын алаяқтардың есепшотына аудара салады. Кейін опық жеп, полицияның көмегіне жүгінуіне тура келеді. Интернет-алаяқтықтың бір ерекшелігі қылмыскерлер ел аумағында ғана емес, одан тысқары жерде отырып қылмыстық іс-әрекетін іске асыра береді.

Мәселен, Ресей Федерациясы аумағында алаяқтар «Kolesa.kz» интернет-сайтында автомобильдерді нарықтық бағадан төмен бағаға сату туралы жарнама орналастырған. Жеңілдікпен көлік алуға ниеттенген БҚО тұрғындары жалған жарнамаға сенеміз деп алданып қалған.

1 маусым мен 9 маусым аралығында белгісіз тұлға «Kolesa.kz» сайты арқылы «Lada Priora» маркалы автокөлігін 623 000 теңгеге қолжетімді бағада сатылатыны туралы жарнама орналастырған. Орал қаласының тұрғыны бұл ақпарға сеніп, ҚР-ға тіркелмеген абоненттік нөмірге «WhatsApp» мессенджері арқылы хабарлама жолдаған. Содан кейін ұзақ әңгімелесу кезінде белгісіз біреу Ресей Федерациясының аумағынан автокөлікті тікелей жеткізіп әрі қайта тіркеп беремін деген сылтаумен сенімге кіру арқылы 600 000 теңге көлеміндегі қаражатты иемденіп алған. Қазіргі таңда ҚР ҚК 190 (алаяқтық) бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Мұндай оқиғаға тап болмас үшін БҚО ПД тұрғындардың интернет платформаларда орналасқан ақпараттарға мұқият зер салуларын сұрайды.



Өзгелердің жаңалығы