БҚО-да 4 тонна дән тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

20 Мамыр 2021, 00:15
2572
Бөлісу:
БҚО-да 4 тонна дән тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында 4 тонна зығыр дәнінің тұқымы тиелген жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлады aikyn.kz.

ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 мамыр күні Теректі ауданы аумағында болған.

Самара-Шымкент жолында Жаңаөмір ауылына бұрылар тұста 1983 жылғы жүргізуші рульге ие бола алмай, ГАЗ-53 автокөлігі аударылып қалған.

Соның салдарынан автокөлік отқа оранып, тұқым ішінара өртеніп кеткен. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жау» сағат 18:10-да толықтай ауыздықталды. 

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.


Өзгелердің жаңалығы