БҚО аумағында «Бекіре-2021» кең ауқымды балық қорғау акциясы өткізілуде

2 Сәуір 2021, 21:43
2412
Бөлісу:
БҚО аумағында «Бекіре-2021» кең ауқымды балық қорғау акциясы өткізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысының аумағында бекіре тұқымдас және басқа да балық түрлерінің және олардың өнімдерінің заңсыз аулануының, айналымының және контрабандасының жолын кесу және алдын алу мақсатында 1 сәуір - 31 мамыр аралығында «Бекіре-2021» кең ауқымды балық қорғау акциясы өтуде.

Акцияны БҚО Полиция департаментінің қызметкерлері облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп өткізуде.

Балықтың уылдырық шашу және көбеюі кезінде браконьерліктің жолын кесу үшін «Орал – Каспий» балық шаруашылығы бассейні БҚО аумағындағы барлық су айдынында тыйым салынған аумақ пен уақыт мерзімдерді белгіледі.

Акция Көшім, Киров, Бітік, Дегелен өзендерінде және Пятимар су қоймасында - 1 мамырдан 15 маусымға дейін, Шалқар көлінде, Орал – Көшім суармалы –айналмалы жүйелері мен Қамыс – Самар жүйесі өзен және көлдерінде - 1 мамырдан 31 мамырға дейін, БҚО аумағындағы барлық су қоймасында - 1 мамырдан 15 маусымға дейін және Жайық өзенінде – 10 сәуірден 15 маусым аралығында өткізіледі. 

Сонымен қатар барлық жерде шаян аулауға 1 сәуірден 15 маусымға дейін тыйым салынды.


Өзгелердің жаңалығы