БҚО әкімінің орынбасары тағайындалды

9 Наурыз 2021, 18:59
1490
Бөлісу:
БҚО әкімінің орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бақытжан Нарымбетов БҚО әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бақытжан Нарымбетов 1986 жылы Орал қаласында дүниеге келген. 

Білімі - жоғары. 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің түлегі. 2012 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясат Ұлттық мектебінде білім алған. Әлеуметтану ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2007 жылы үкіметтік емес ұйымдарда бастады. 

2013-2014 жылдары - Орал қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы; Орал қаласы әкімі аппаратының ақпараттық-талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық бөлім басшысы; 2014-2016 жылдар аралығында Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы болды.

Кейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының стратегиялық даму бөлімінің бас инспекторы, облысы әкімі аппаратының стратегиялық даму бөлімінің басшысы болды.

2017-2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болған. 

2018 жылы наурыздан бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төраға орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылы 21 қаңтарда Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы