БҚДА бағаларды тұрақтандыру шаралары туралы айтты 

26 Ақпан 2021, 14:06
1633
Бөлісу:
БҚДА бағаларды тұрақтандыру шаралары туралы айтты 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

2020 жылы және 2021 жылдың екі айында БҚДА 9 азық-түлік тауарларын өндірушіге мен 23 көтерме, бөлшек саудада жеткізушіге қатысты бағалық сөз байласу фактілері бойынша 19 тергеп-тексеруге бастамашылық жасады. Оның ішінде 10 тергеп-тексеру бағалық сөз байласу фактілерін растаумен аяқталды. Атап айтқанда, нарыққа қатысушылар арасында бағаларды көтеру бойынша ауызша және жазбаша уағдаластықтардың болуын көрсететін нақты мән-жайлар анықталды.

Монополияға қарсы тергеп-тексеруді бастау және нарыққа қатысушыларды жауапкершілікке тарту үшін олардың арасындағы сөз байласудың нәтижесі ретінде бағалардың өсуі негіз болып табылады. Сөз байласу болмаған жағдайда, шикізат құнының, тауарларға сұраныстың артуы және т.б. сияқты кез-келген басқа себептер бойынша бағалардың өсуі заңнаманы бұзушылық болып табылмайды.ҚР Кәсіпкерлік кодексінің (КҚ) 116-бабы КК анықтаған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкердің өз тауарларына бағаларды өз бетінше белгілеу құқығына кепілдік береді, - деп хабарлады Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

Азық-түлік тауар нарықтарын және бағалардың өсу себептерін талдаудың алдын ала нәтижелері бағалардың өсуі үшін объективті экономикалық себептердің болуын көрсетеді.

2021 жылдың басынан бастап тауық жұмыртқасының бағасы құс тұмауының өршуі және құс басының 2,6 млн бірлікке қысқаруы немесе жемшөп құнының 150%-ға өсуі себептері бойынша 10,2%-ға өсті. Өз кезегінде, құс басының өлім-жітіміне құстарды вакцинациялауды субсидиялауды алынып тастау және жұмыртқа құнын арзандатуға ақшаның уақтылы бөлінбеуі әсер етті, - делінген ақпаратта.

Күнбағыс майының құны әлемдік бағалардың 53,8%-ға өсуі аясында 5,5%-ға, сондай-ақ Ресейде шикізат түсімінің 13 тоннаға дейін (15,1%) және Украинада 14 тоннаға дейін (-15,2%) төмендеуіне байланысты өсті.

Қант құнының 2,3%-ға өсуіне ішкі нарықтың 60%-ын қамтамасыз ететін Ресей және Беларусь өндірушілерінің көтерме саудада жеткізушілері бағаларының 64,5%-ға өсуі әсер етті.

Қарақұмықтың өнім бермеуі және оның көлемінің 2 еседен астам қысқаруы қарақұмық жармасы бағасының 2%-ға өсуіне себеп болды.

Өзбекстанға мал экспорты мен малға арналған құрама жем дайындалатын астықтың жоғары бағасы себебінен сиыр етінің құны 0,6%-ға өсті.

Жыл сайын қыста және көктемде жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасы олардың қорының азаюына және сақтау шығындарының жоғары болуына байланысты өседі.

Тұтастай алғанда, азық-түлік бағаларының өсуін талдау бағалар құбылмалылығының негізгі себебі жоғары импортқа тәуелділік болып табылатынын көрсетеді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 19 позициясының 9-ы бойынша Қазақстанда нарықтың теріс теңгерімі қалыптасты. Атап айтқанда, импорт үлесі қант 78%, сүзбе – 50%, тауық еті – 47%, күнбағыс майы – 25%, сары май – 23%, макарон (рожки) – 27,9%, пияз – 14%, қарақұмық жармасы – 12%, сиыр еті – 5%-ды құрайды.

Қазақстан ЕурАзЭҚ шеңберіндегі бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы болып табылады. ДСҰ мүшесі ретінде Қазақстанда басқа шет елдермен саудадағы кедергілер жойылды. Осыған байланысты, шетелде азық-түлік өнімдері бағаларының кез-келген өсуі тауарлардың еркін қозғалысы (құн өсуінің импорты) салдарынан жергілікті бағаларға тікелей әсер етеді.Азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында жыл сайын шекті бағаларды белгілеу, сауда желілеріне кредит беру (айналым қаражатын толықтыру), мемлекеттік тұрақтандыру қорларынан азық-түлік өнімдерін өткізу сияқты нарықтық емес араласудың бірқатар шаралары қабылданады. Алайда, бұл шешімдер тауар нарықтарындағы ахуалды өзгертпейді және азық-түлік тауар нарықтарының дамуы, кәсіпкерлік қызметті жүргізу, инвестициялардың төмендеуі және тапшылықтың пайда болуы үшін тәуекелдер тудырады, - делінген таратылған хабарламада.

Президенттің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 484 Жарлығына сәйкес бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясат бағыттарының бірі тауар нарықтарына кіру кедергілерін және мемлекеттік бағалық реттеу құралдарын қысқарту болып жарияланды

Осыған байланысты, БҚДА Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында:

- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері нарығын дамытудың арнайы бағдарламасын іске асыруды;

- АӨК субсидияларын импортқа тәуелділік бар тамақ өнімдері нарықтарын дамытуға бағыттауды;

- ірі бизнестен шаруа, фермер қожалықтарының пайдасына қайта бөліп, субсидиялар алу үшін шекті мәндерді төмендетуді ұсынды.

Осылайша, азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың негізгі бағыты тауар нарықтарын кешенді дамыту және нарықтық емес араласу әдістерінен бас тартқан жағдайда олардың инвестициялық тартымдылығын арттыру, тауар өндірушілерді қолдау және бағаларды тұрақтандыру бойынша сараланған шешімдер болуға тиіс, - деп хабарлады агенттікте.

Қазіргі кезде монополияға қарсы орган тауарлық азық-түлік нарықтарын және бағалардың өсу себептерін талдауды аяқтап жатыр, олар аяқталғаннан кейін ден қоюдың нақты шаралары қабылданатын болады.



Өзгелердің жаңалығы