Бизнестің табысты қызметіне мемлекеттің өзі мүдделі - Смайылов

31 Қаңтар 2023, 10:41
735
Бөлісу:
Бизнестің табысты қызметіне  мемлекеттің өзі мүдделі - Смайылов
Фото: Үкімет

Кәсіпкерлік қызметті реттеудің  44 саласына жан-жақты талдау жасалды. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Нәтижесінде  жаңа реттеуші саясаттың шарттарына сәйкес келмейтін 10 мыңнан астам талаптар анықталды. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша міндетті талаптар тізілімі жасалды. Оны біз   қажет кезде қайтадан қарап,   реттеп отыратын боламыз, - деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша,  «Атамекен» палатасы белсенді рөл атқаруы тиіс.

Яғни, орынсыз,   бірін-бірі қайталайтын   немесе тиімсіз талаптарды анықтау   және алып тастау жұмыстары   тұрақты негізде жүргізілетін болады. Сонымен қатар,   мемлекеттік бақылау жүйесінде  тәуекелдерді бағалау   және басқару жүйесін автоматтандыру бойынша   кешенді шаралар қабылдануда. 35 салада  бұл жұмыс аяқталды. Ол   кәсіпкерлерді   негізсіз тексерулерден қорғауға   мүмкіндік береді. Жалпы, «таза парақтан» реформасы   бизнес-ортаны реттеудің   тиімділігін арттырып,   кәсіпкерлікті дамытуға   қолайлы жағдай жасайды. Сондықтан, осы бағытта бірлескен жұмыстарды   әрі қарай жалғастыратын боламыз, - деді Смайылов.

Үкімет басшысы мемлекет   бизнестің сындарлы ұсыныстарын қолдауға қашанда дайын екенін атап өтті.

Бизнестің тұрақты да  табысты қызметіне   бірінші кезекте,   мемлекеттің өзі мүдделі. Кәсіпкерлер   осыны сезінулері керек.
Атқарылған жұмыстар   2029-шы жылға қарай   шағын және орта бизнесте   жұмыс істейтіндер санының   4,7 млн адамға дейін өсуіне   және мемлекеттің экономикадағы үлесін   14 пайызға дейін төмендетуге   мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мына мәселелерге   тоқталғым келеді, - деді Премьер-министр.

Өзгелердің жаңалығы