Бизнесті қолдау саясаты туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу қажет – Тоқаев

20 Қазан 2022, 10:10
1437
Бөлісу:
Бизнесті қолдау саясаты туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу қажет – Тоқаев

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысы жұртшылығымен кездесуі баырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау үшін тиімді тәсілдер қолданып жатыр. Атап айтқанда, гранттар, шағын және жеңілдетілген несиелер беріледі. Осы өңірдегі еңбекке жарамды халықтың үштен бірі шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. Аймақтағы кәсіпкерлердің санын айтарлықтай көбейту үшін мемлекет тарапынан қолдау шараларын күшейту қажет. Осы мақсатта арнайы ұлттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бірақ бұл туралы халықтың көбі білмей жатады. Сондықтан, ел ішінде бизнесті қолдау саясаты туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент Жетісу облысының да ІТ секторындағы әлеуеті зор екенін айтты

Экономикадағы өте жылдам дамып жатқан саланың бірі – цифрлық технология. Астанада және Алматыда мықты ІТ кластер қалыптасып жатыр. Олар еліміздің цифрлық дамуына орасан зор үлес қосары анық. Осы орайда, Жетісу облысының да ІТ секторындағы әлеуеті зор.  Бұл аймаққа да білікті мамандарды тартуға болады. Ол үшін, әрине, ең алдымен, қажетті инфрақұрылымды дамытқан жөн, – деді Тоқаев. 

Өзгелердің жаңалығы