Бизнесті қорғау бойынша мобильдік топ құрылды

13 Қаңтар 2020, 20:51
2303
Бөлісу:
Бизнесті қорғау бойынша мобильдік топ құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылға арналған бизнесті қорғау жөніндегі жол картасы шеңберінде Шымкент қаласының прокуратурасы жанында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аймақтық басқармасы, кәсіпкерлер палатасы, "NurOtan" қалалық филиалы және қала әкімдігімен бірлесіп кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильдік топ құрылды.

Бас прокуратураның ресми сайтының хабарлауынша, мобильдік топтың мақсаты – мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу және бизнеске кедергі келтіру туралы өтініштер мен қоңырауларға  жедел әрекет ету.

Кәсіпкерлер заңсыз тексерістер бойынша немесе мемлекеттік орган қызметкерлерінің әрекеттеріне байланысты хабарласа алады.

 





Өзгелердің жаңалығы