Арманжан Байтасов: Бизнесті дамытудағы басты шарт - елдің тәуелсіздігі

29 Қараша 2021, 12:00
1100
Бөлісу:
Арманжан Байтасов: Бизнесті дамытудағы басты шарт - елдің тәуелсіздігі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Іскерлік кеңесінің креативті индустрия комитетінің төрағасы Арманжан Байтасов Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте Алматыда Жас кәсіпкерлер форумы өтетінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, Алматы - еліміздегі бизнеске ыңғайлы қала әрі бизнес қауымдастықтарының барлығы осында орналасқан.

Қалада бизнесті дамыту бағытында шаралар өте көп өтіп жатыр. Соның бірі - 30 қараша күні өтетін Жас кәсіпкерлер форумы. Форум ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Бизнесті дамытудағы басты шарт - елдің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Сондықтан Тәуелсіздік біздің басты құндылығымыз, - дейді ол.

Форумда елге танымал кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, жас бизнесмендерге кеңестерін береді.

Осы жолғы форумға кәсіпкерлердің үш буыны қатысады. Оларды 1990 жылдардағы, 2000 және 2010 жылдардағы кәсіп иегерлері деп бөлдік, - деді Байтасов.

Өзгелердің жаңалығы