Құжат жинау, банкке бару, қаражатты шотта бұғаттау және банк жабылғанша үлгеруге тырысу – бұрын тендерлік кепілдік рәсімдеу процесі осындай қиындықтармен байланысты болатын. Қазір Halyk цифрлық шешімдерінің көмегімен кепілдікті небәрі 10 минутта рәсімдеуге болады. Бұл құжат айналымына кететін уақытты қысқартып, кәсіпкерлерге негізгі бизнесіне көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Әр қажеттілікке қандай кепілдік түрі сәйкес келетінін қарастырайық.
Тендерге қатысу үшін қандай кепілдік қажет?
Мемлекеттік сатып алуларға немесе «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу рәсімдеріне қатысатын кәсіпкерлер үшін цифрлық бланктік тендерлік кепілдіктер қолайлы шешім бола алады. Мұндай кепілдік компанияның қаржылық сенімділігін растауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, конкурс аяқталғанға дейін тапсырыс берушінің шотында қаражатты бұғаттап қоюдың қажеті жоқ.
Halyk ұсынатын бұл кепілдікті кепілзатсыз және банк бөлімшесіне бармай-ақ рәсімдеуге болады.
Банк кәсіпкерлерге кепілдік рәсімдеуді жеңілдетумен қатар, өздеріне сәйкес келетін сатып алуларды табуға және оларға қатысуға көмектесетін қосымша сервистерді де ұсынады. Солардың бірі – «Тендерлер бойынша ұсыныстар» қызметі. Ол компанияның қызмет бейініне сәйкес келетін өзекті сатып алулар туралы ақпаратты күн сайын жинақтайды. Осылайша кәсіпкерлерге тендерлерді өз бетінше ұзақ іздеуге уақыт жұмсамай, қажетті лоттарды жылдам табуға мүмкіндік туады.
Сатып алуларға тұрақты қатысатын және кепілдік рәсімдеу шығындарын оңтайландырғысы келетін бизнес үшін Halyk үш тарифтік пакетті ұсынады: Tender Pro, Tender және Salem.
- Tender Pro – тендерлерге тұрақты қатысатын компанияларға арналған.
- Tender – сатып алуларға мезгіл-мезгіл қатысатын кәсіпкерлерге қолайлы.
- Salem – шағын сомадағы тендерлерге қатысатын бизнеске арналған.
Бұл пакеттердің жұмыс істеу қағидаты жазылым немесе медициналық сақтандыру жүйесіне ұқсайды. Кәсіпкер белгілі бір пакетті сатып алып, белгіленген сома шегінде тендерлік кепілдіктерді тегін рәсімдеу мүмкіндігіне ие болады.
Тарифтік пакеттер бизнестің кез келген түріне қолжетімді. Ол үшін Halyk банк клиенті болу жеткілікті.
Тендерді жеңіп алған кәсіпкерлерге қандай кепілдік керек?
Тендерге қатысу – жұмыстың алғашқы кезеңі ғана. Сатып алуда жеңіске жеткеннен кейін кәсіпкер шарт бойынша міндеттемелерін орындауға кірісуі керек. Ол үшін тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз ететін кепілдік талап етуі мүмкін.
Halyk ұсынатын шарттық міндеттемелердің орындалуына берілетін цифрлық бланктік кепілдікті жеке кәсіпкерлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер рәсімдей алады.
Бір кепілдіктің сомасы 100 млн теңгеге дейін, ал кепілдіктердің жиынтық сомасы 200 млн теңгеге дейін жетеді. Бұл кәсіпкерлерге шарт талаптарын орындауға дайын екенін растауға және тендердегі жеңісті нақты жұмысқа ұластыруға мүмкіндік береді.
Бағаны төмен ұсынған жағдайда қандай кепілдік қажет?
Кейде тендерде жеңіске жету үшін кәсіпкер тапсырыс беруші белгілеген бағадан төмен баға ұсынады. Мұндай жағдайда сатып алу талаптарына сәйкес демпингке қарсы кепілдік талап етілуі мүмкін.
Бұл ретте кәсіпкер үшін сатып алу талаптарын орындаумен қатар, айналымдағы қаражатты сақтап қалу да маңызды.
Осы мақсатта Halyk цифрлық бланктік демпингке қарсы кепілдікті ұсынады. Ол кәсіпкерге өз қаражатын бұғаттамай немесе кредиттік желіні пайдаланбай-ақ сатып алу талаптарын орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кепілдікті ұзақ уақыт рәсімдеуге кететін шығынды азайтуға көмектеседі.
Бизнеске қандай кепілдік тиімді?
Кепілдіктің түрін таңдау кәсіпкердің мақсатына байланысты. Тендерге қатысу, жеңістен кейін шартты орындауға кірісу немесе ұсынылған бағаның негізділігін растау – әр кезеңде әртүрлі кепілдік қажет болуы мүмкін.
Halyk ұсынатын цифрлық шешімдер осы процестерді жеңілдетіп, кепілдікті рәсімдеуге кететін уақытты қысқартуға бағытталған. Бұл кәсіпкерлерге айналым қаражатын сақтап, әкімшілік жұмыстарға аз уақыт жұмсауға және бизнесті дамытуға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, кепілдік түрін таңдау бизнестің мақсатына байланысты. Ол тендерге қатысу, жеңіске жеткеннен кейін шарттық міндеттемелерді орындауға кірісу немесе ұсынылған бағаның негізділігін растау болуы мүмкін. Halyk ұсынатын цифрлық шешімдер осы кезеңдердің әрқайсысынан жеңіл әрі жылдам өтуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде кәсіпкерлер айналым қаражатын сақтап, уақытын құжат рәсімдеуге емес, бизнесті дамытуға жұмсай алады.