Бизнеске бөгет жасамау керек. Смайылов Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге тапсырма берді

25 Қаңтар 2022, 09:19
1919
Бөлісу:
Бизнеске бөгет жасамау керек. Смайылов Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді. 

Премьердің айтуынша, өңірлердегі коронавирус инфекцисы әлі де өршіп тұр. 

Түркістан облысынан басқа өңірлердің бәрі қызыл аймақта. Атап айтсақ,  вирустың ең көп таралуы Ақмола, Қарағанды, Павлодар облысында және астанамызда тіркеліп отыр. Эпидемиологиялық жағдайды әрі қарай бақылауда ұстау қажет, - деді Үкімет басшысы. 

Сонымен қатар Смайылов Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге вакциналау және ревакциналау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. 

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия «Атамекен» палатасымен бірге Мемлекет басшысының бизнеске арналған карантиндік шектеулерді қайта қарау жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, тиісті шараларды әзірлеу қажет. Бизнес жұмысына бөгет жасамай, туындаған проблемаларды бірлесе шешуміз қажет, - деді Әлихан Смайылов. 

Өзгелердің жаңалығы