Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда өткен баспасөз жиынында Бизнес қауымдастықтар 18 ақпанда өтетін «Атамекен» палатасының съездін заңсыз деп санайтындарын, палатаға басқарма тағайындау, аудит жүргізу, НҚА-ге өзгерістер әзірлеу және енгізу үшін мерзімдерді айқындау қажеттігін мәлімдеді.
«Өңдеуші өнеркәсіп одағы» ҚЗТ басқармасы төрағасының орынбасары Әділбек Бектібаев соңғы жеті жылда кәсіпкерлікті қолдау үшін құрылған «Атамекен» ҰКП-сы кәсіпкерлік министрлігіне айналып кеткенін, яғни бюрократиялық сипаттағы аппараттың бірі болып шықты деген ойын айтты.
Мәселен, түрлі шешімдер клуарда шешіліп жатты. Соңғы жылдары «Атамекен» ҰКП-сы өз ісіне берілген көптеген кәсіпкерлердің сенімінен айырылды. Олар бизнестің мүддесін қорғайтын адамдар еді. Оның үстіне Палатаның шешімдері бизнестің бір тобына қызмет етіп, өзгелеріне шығын келтіретін жағдайға жетті. Палата кәсіпкерлік саласына кіргенімен қоймай, оқыту, консальтинг, қаржылық қызметті монополиялап алды. Олар көрсеткен қызметтер ешқандай сенім ұялатпайды. Мәселен, 2 млрд теңгені бір ай бұрын ғана құрылған консальтинг қауымдастығына аударған, біздің наразылығымыздан соң ол қаражат қайтадан бюджетке қайтарылды. Бұл айтқандарымның барлық жауапкершілігі «Атамекен» ҰКП басқармасының төрағасы Абай Мырзахметовтың мойнында, - дейді ол.
Бектібаев Палата басшысы бұл лауазымнан кетуі керек деп санайды. Ал, бизнес өкілдері Палатада реформа жасай алатын адамды таңдауымыз қажет.
Біз палатаны алғашқы мақсатына қайтаруымыз керек, ол кәсіпкерлерді және олардың мүддесін қорғау. Егер президиюм Палатаның съезін өткізуге рұқсат беретін болса, бұл президиюмның мүшелері де орындарынан кеткені жөн,-деді Әділбек Бектібаев.
«Қазақстан машина жасаушылар одағы» ҚЗТ басқармасының мүшесі Павел Беклемишев те «Атамекен» ҰКП-ны қайта құрылымдайтын уақыт жеткенін айтты.
Елдегі жағдайдың барлығы Палатаға да әсер етті. Қазір бұл мекемені трансформациялап, қайта құрылымдау қажеттігі туындап отыр. Бұны елдегі саяси жағдай да қажет етіп тұр. Сондықтан ірі компаниялар, бизнес өкілдері Үкіметпен ықпалдаса жұмыс істеп, тұрақтылықты қалпына келтіруіміз қажет. Бізге енді Палатаның съезін емес, жұмыс беруші мекемелердің жиынын өткізу қажет. Сондай-ақ бұл мекемені бастапқы жұмысына қайта оралтуымыз керек. Бизнес қауымдастықта оны жөнге келтіру бойынша дұрыс ойлай білетін адамдар жеткілікті, сондықтан 18 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында жиналып, осы мәселелерді талқылаймыз, - деді Беклемишев.