Елордада «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжінде Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің Басқарушы комитетінің көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек оқу орындары мен колледждердің басшылары қатысты.
Алтай Көлгінов кәсіби кадрлардың біліктілігін арттыру мәселелері қазіргі заманғы экономика мен адами капиталды дамыту өзекті екенін жеткізді.
Кәсіби мамандар даярлау үшін кәсіби стандарттар керек. Колледждің жұмыс кабинеттерін, істеп жатқан жұмыстарын көрдік. Студенттерге барлық жағдай жасалған. Әсіресе жұмысшы, тапшы мамандарға. Қазір заман ағымына сай жаңа мамандықтар қажет. Қазіргі уақытта еңбек нарығында проблемалар бар. Біріншісі – қолда бар кадрлардың сапасыздығы. Екіншісі – жұмыс берушілер білікті кадрларды алуға мүдделі, бірақ өздері өндірістегі жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға асықпайды. Үшіншісі – білім беру ұйымының түлектерінің білім деңгейінің төмендігі, - деді Алтай Көлгінов.
Ал, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова негізгі проблемалар туралы, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту тәсілдері туралы сөз қозғады.
Бүгінгі еңбек нарығы елеулі сын-тегеуріннің алдында тұр. Жұмыс орындарын құру қарқыны төмендеуде, ал құрылған орындардың 46%-ы – мемлекеттің тікелей қолдауымен өнімділігі төмен секторларда. Бұл жағдайда формалды сектор жұмыскерлерінің жартысына жуығы төмен жалақы алады. Сондай-ақ, еңбек нарығына жыл сайын 300-400 мыңға жуық жастардың қосылуы және қазіргі өңірлер арасындағы теңгерімсіздіктермен қатар демографиялық қысымды да ескеру қажет, - дейді Тамара Дүйсенова.
Оның айтуынша, елімізде жұмыссыздық пен кедейліктің ұлғаюуы, кадрлардың ұдайы кетуіне және адами капитал әлеуетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Басшысы адами капиталды дамытуға байланысты проблемаларды шешу еңбек нарығы мен кадрлар даярлау жүйесінің өзара байланысын күшейтуге бағытталған ҰБЖ болады.