«Біздің заманымыздың супер қаһармандары»

14 Қыркүйек 2021, 21:33
5331
Бөлісу:
«Біздің заманымыздың супер қаһармандары»

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың ТЖ департаменті "Азия парк" Сауда ойын-сауық орталығымен бірлесіп «Біздің заманымыздың супер қаһармандар күні!» акциясын ұйымдастырды.

Балалар іс-шара кезінде кинологиялық қызметтердің, құтқарушы-сүңгуірлердің көрсетілімдерімен, өрт сөндіру техникасымен және өрт сөндірушілердің жауынгерлік жабдықтарымен танысты.   

Балаларға ақпаратты жеткізу және өрт кезінде қалай дұрыс әрекет ету керектігін көрсету үшін акциядағы аниматор кейіпкерлерімен өрт тақырыбында викториналар, ойындар, қауіпсіздік сабақтары мен конкурстар өткізілді.  

Өрт қауіпсіздігі мәдениеті әр баланың өмір сүру нормасы болуы керек.

Құрметті ата-аналар! Үйде болмаған кезде балаңызға өрттен қорғану  үшін қарапайым өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін түсіндіріңіз - дейді өрт сөндірушілер.

Өрт болмауы үшін:

- сіріңкемен ойнамаңыз;

- ересектерсіз желіге электр құралдарын (үтік, жылытқыш) қосуға болмайды;

- өз бетімен пешті жақпаңыз;

- газ плитасын өзіңіз жағып, үстіне киімді кептірмеңіз;

- ересектерсіз фейерверктер мен шартылдақтармен ойнамау;

- бензинмен және басқа жанғыш заттармен ойнамаңыз.

Егер өрт пайда болған жағдайда:

- бірінші кезекте өрт туралы ересектерге хабарлау (өрт сіздің кінәңізден болса да жасырмаңыз);

- өрт сөндіру қызметіне "101" немесе " 112 " телефондары бойынша қоңырау шалып, өзінің нақты мекенжайын және не жанып жатқанын хабарлау;

- ешқашан шкафта немесе төсек астында жасырылмаңыз, өрт сөндірушілерге сізді сол жерден табу қиынға соғады;

- үй жанып жатса, далаға тез жүгіріңіз. Ойыншықтар, иттер немесе мысықтарға алаңдамаңыз;

- егер пәтерді түтін басса, еденге жатып (онда түтін аз болады)   жанып жатқан бөлмеден шығуға тырысыңыз;

- ауыз бен мұрынды дымқыл шүберекпен немесе кез-келген шүберекпен жабыңыз;

- терезені ашпаңыз (бұл жануды күшейтеді).

Өзгелердің жаңалығы