Біздің орталық жаңа технологиялармен жабдықталған – Мұхтар Төлеутаев

4 Ақпан 2021, 17:23
2537
Бөлісу:
Біздің орталық жаңа технологиялармен жабдықталған – Мұхтар Төлеутаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Көпсалалы медициналық орталық» ШЖҚ МКК директоры Мұхтар Төлеутаев «Қатерлі ісікке қарсы күрес күніне» қатысты баспасөз конференциясы барысында айтты.

Бүгін 4 ақпан – қатерлі ісікке қарсы күрес күні. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласында Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшылығының қатысуымен өткен «Қатерлі ісікке қарсы күрес күніне» арналған баспасөз конференциясы барысында орталық басшысы 2011 жылдан бастап жыл сайын тұрақты негізде КМО шетелдік спикерлердің қатысуымен Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіп тұратынын жеткізді.

Қалалық емханаларда, амбулаторияларда онкологиялық аурулар жайлы кеңінен айтылып, олардың алғашқы белгілерінен анықтау жайлы дәрістер жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта мұндай семинарларды онлайн өткізуге тырысудамыз, - деді ол.

Дәрігердің айтуынша, бүгінде орталықта науқастарды жаңа технологиялармен және тиімділігі жоғары дәрі-дәрмектермен емдеу қолға алынған. 

Осыдан екі жыл бұрын арсеналда дәрі-дәрмектердің 16 түрі болса, қазіргі уақытта олардың саны 32-ге жеткен. Яғни, бүгінгі күні біздің науқастарымыз дәрі-дәрмекпен толықтай қамтылған. Орталығымызда емдеудің заманауи әдістері игерілді. Мысалы,сүт безі қатерлі ісігі, қуық асты безінің қатерлі ісігі, бүйрек қатерлі ісігі, жатыр мойны обыры кезіндегі қатерлі ісікке шалдыққан органдарды сақтайтын инвазиялық операциялар кеңінен қолданылады, - дейді Төлеутаев.

Айта кетейік, «Көпсалалы медициналық орталықта» жылына 2 мыңнан астам адам қаралып, ем-дом қабылдайды.

Ұмсындық НАУРЫЗБАЕВА
Өзгелердің жаңалығы