Біздің ежелгі жазба мұрамыз көп сақталған - түркітанушы

23 Желтоқсан 2020, 17:17
2227
Бөлісу:
Біздің ежелгі жазба мұрамыз көп сақталған - түркітанушы

Алматы, BAQ.KZ  тілшісі. Бұл туралы Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Н.Келімбетов атындағы Түркітану орталығының директоры Асқар Тұрғанбаев «Ұлы дала жауһарлары» сериясымен жарық көрген «Ежелгі дәуір әдебиеті антологиясының» екінші және үшінші томының таныстырылымы кезінде айтты. 

Ежелгі дәуір әдебиеті антологиясы», «Дала фольклоры антологиясы» сияқты құнды дүниелер жарық көріп отыр. Бұрын біз Ежелгі дәуір әдебиетіне қатысты мәтіндердің көбін ең бірінші тілшілер зерттейтін, содан кейін барып қана әдебиетшілер қолға алатын. Алтын Орда дәуіріндегі кейбір мәтіндердің осы кітапта алғаш рет жариялануы әдебиетшілердің тілшілермен қатар бір деңгейде келе жатқанын көрсетеді. Бұл үлкен жетістік,-дейді түркітанушы. 

Оның айтуынша, біздің ежелгі жазба мұрамыз өте көп,  олар әсіресе бұрыннан отырықшы халықтардың мекені болған, Осман империясының түп мекені Түркияда, Қазан хандығының орталығы болған Қазанда және Самарқанда сақталған. 

Сонда сақталған мәтіндерге дұрыс таңдау жасалып, мына онталогияға енгізіліпті. Себебі бірнеше нұсқадағы шығарманың дұрыс мәтінін таңдай білуіміз керек. Өйткені тарихи жағдайға байланысты өзгертілген, дау тудыратын мәтіндер бар, соларға бас ұрмай неғұрлым ескі дәуірдегі мәтінді алсақ жақсы болады Жақында ғана Қорқыт атаның Түрікмен сахара деген нұсқасы шықты. Біздің қазақ зерттеушілері әлі оны қолға алған жоқ. Ол Иранда табылып, Түркияда аударылып басылды. Қазір біз соны ғылыми айналымға кіргізу үшін алдымен мамандардың пікірі керек болып тұр. Бұл нұсқа дұрыс па әлде бұрыс па, қалай шыққан, қайдан шыққан деген мәселеге көңіл аударуымыз керек. Оған әсіресе әдебиетшілердің зерттеуі керек,-дейді А. Тұрғанба.

Айта каетсек, бұған дейін «Дала фольклоры мен музыкасының 1000 жылы» атты жоба аясында «Дала фольклоры антологиясының» онтомдығы, «Ұлы даланың көне сарындары» үштомдығының 2-ші томы, сондай-ақ «Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы» бестомдығының 2, 3-ші томдарының тұсаукесер рәсімі өткенін хабарлағанбыз.

Бұл кітаптардың барлығы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылып жатқан «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы бойынша дайындалған.

Өзгелердің жаңалығы