Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жоғарғы Сот аппараты басшысының орынбасары Елдос Жұмақсанов «Antikorlive» жобасында айтты.
2017-18 жылдары бір ірі шетелдік компания еліміздің батыс өңірінде мұнай-газ өндіруге 200 млн доллар инвестиция құяды. Өкінішке қарай, Алматы қаласының соты бұл бизнеске рейдерлік жүргізеді. Бұл іс бойынша сол елдің елшісі біздің СІМ-ге хабарласып, Президентке жетеді. Жоғарғы соттың араласуымен барып, заңсыз сот актілері алынды. Осылайша, инвестициялық климат қалпына келітірілді, - деді ол.
Жұмақсанов 500 млн теңге айналымы бар тағы бір шетелдік компанияны 10 млн теңге қарызы үшін банкрот деп жариялануына жол берілмек болғанын айтты.
Аталған компания халықаралық арбитражға хабарласып, біздің елден 500 млн доллар айыппұл өндірмек болды. Жоғарғы сот осы іске араласып, заңсыз және абсурд сот актілерін жойып, инвестициялық климатты қалпына келтірді, - деді Жұмақсанов.
Ол атағандай, бұл жерде ешқандай корпоративтік жұмыс болуы мүмкін емес.
Себебі заңның бұзылғаны айқын еді. Судья мен мемлекеттік қызметкердің айырмашылығы қандай? Мемлекеттік қызметкер құқықбұзушылық жіберсе, қызметтік тексеріс жүргізіп, бірінші жетекші оны Еңбек кодексі бойынша жұмыстан шығарады. Судьялардың бұзушылығын тексеру үшін барлық инстанциядан өту керек. Мысалы, Алматы қаласының соты рейдерлік жасауы Жоғарғы соттың араласуымен ғана тоқтатылды. Оған біраз уақыт керек. Ол жалпы отырысқа шығады. Судьялар жасырын дауыс береді. Шешім жюриге жіберіледі. Судья бұл шешіммен келіспесе, Орталық судьялар кеңесіне арыз жаза алады. Бұл үрдіске 7-8 ай уақыт кетеді, - деді Жұмақсанов.