Бізде екі бөтелке сыра ұрлағандар екі жылға сотталады – Жолдасбекқызы

21 Қазан 2022, 12:32
9310
Бөлісу:
Бізде екі бөтелке сыра ұрлағандар екі жылға сотталады – Жолдасбекқызы

Елімізде медиацияны дамытпасақ, сотталмаған адам қалмайды. Халықаралық медиация институтының басшысы Жанар Жолдасбекқызы осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл салада жүргеніме 11 жыл болды. Жалпы, елімізде 2011 жылы медиация туралы заң қабылданды. Сол жылдардан бастап тұрақты түрде жұмыс істеп келеді, бірақ сала аясын әлі де кеңейту керек. Бүгін біз Жоғары сот, қалалық сотпен бірлесе отырып, азаматтардың арыз-шағымын ең алдымен медиация арқылы шешуді талқылап жатырмыз. Яғни, татуласу арқылы шешімге келу көбеюі керек. Өйткені мұндай шешім екіжаққа да тиімді, - деді ол.

Жоғары соттың мәліметінше еліміздегі даулы мәселелердің 30 пайызы ғана медиация көмегімен шешіледі екен.

Күнде өмірімізде әртүрлі жағдайлар болып жатады. Қаншама ұсақ-түйек қылмыс жасағандардың болашағына балта шабылып, өмір жолына дақ қалып жатады. Оның қажеті не? Мәселен, екі бөтелкені сыра ұрлаған жас жігіт екі жылға сотталып кеткен. Сол секілді смартфон, ноутбук ұрлағандардың бәрі жауапкершілікке тартылуда. Бұл мәселені екі тарапты ортақ шешімге келуге болатын еді. Бүкіл мәселені сотқа жеткізгенімізден пайда таппаймыз. Біздің медиаторлар бейтарап позиция ұстанады, - деді Жолдасбекқызы «Қазақстандағы медиация институтын дамытудың өзекті мәселелері және оны шешу жолдары» дөңгелек үстелінде. 

Өзгелердің жаңалығы