#BizBirgemiz. Өнер жұлдыздары әлеуметтік көмек таратуға көмектесті

27 Сәуір 2020, 21:14
1811
Бөлісу:
#BizBirgemiz. Өнер жұлдыздары әлеуметтік көмек таратуға көмектесті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Jas Otan" жастар қанатының еріктілері жалғызбасты қарттарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға, ардагерлерге, ерекше қажеттіліктері бар және т.б. азаматтарға атаулы көмек көрсетуді жалғастыруда.

Продукты звезды (2).jpeg

Аталмыш акцияның II кезеңі аясында волонтерлер қатарына қазақстандық эстрада өкілдері, тележүргізушілер, актерлер және т.б. өнер майталмандары қосылды. Бүгін волонтер қатарына Тұрсынбек Қабатов, Жеңіс Сейдуллаұлы, Маржан Арапбаева және Әділ Ахметов қосылды.

Мен осы жерде болып, аталған науқанға волонтер ретінде қатысқаныма қуаныштымын. Жастардың осындай қиын кезеңде өз еліне жауапкершілікпен көмектесіп жатқандары өте қатты қуантады. Осы пандемия тезірек аяқталып, әрқашан аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын деп тілеймін. Азаматтарды карантиндік шараларды сақтауға шақырғым келеді. Біз біргеміз! - деді Тұрсынбек Қабатов.

Продукты звезды (9).jpeg

Бүгінгі таңда жасотандықтар ел бойынша 65 мыңнан астам отбасын әлеуметтік себеттермен қамтамасыз етті. Волонтерлер үлестіретін әр қо­рапта 30 килодан астам азық-түлік бар. Оған бірінші қажет­тіліктегі азық-түлік өнімдері, жарма, макарон, күнбағыс майы және шай секілді тауарлар кіреді. Сондай-ақ азық-түлікпен бірге әр отбасына 50 бетперде табысталады.

Продукты звезды (4).jpeg

19 наурыздан бастап "Jas Otan"-ның 3000-нан астам еріктілері  65 мыңнан астам отбасын бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз етуге көмек көрсетті.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, "Nur Otan" партиясының көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған "Birgemiz" қоры бүгінгі таңда 152 000 аз қамтылған отбасыларға 50 000 теңгеден қаржылай көмек көрсетті.

Қор сондай-ақ, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының 2000-нан астам дәрігерлеріне 50 000 теңге көлемінде ақшалай қолдау көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы