Біз тергеу изоляторларындағы бақылауды екі есе күшейттік – Аюбаев

16 Ақпан 2022, 11:19
1529
Бөлісу:
Біз тергеу изоляторларындағы бақылауды екі есе күшейттік – Аюбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары әділет генерал-майоры Мейрам Аюбаев брифинг барысында айтты. 

Біздің басым міндеттеріміздің бірі – ол құқыққа қарсы іс-әрекеттердің кез келген түрін жою. Заңнамада мұндай әрекеттерге қылмыстық жауаптылық көзделген. Қазақстан бұзушылықтардың,  оның ішінде қатыгез, ар-намысты қорлайтын  және өмір мен денсаулыққа қауіпті әрекеттердің алдын алу бойынша  халықаралық міндеттемелерді алды, - деді Аюбаев. 

Оның айтуынша, Қазақстан заңнамасы Нельсон Мандела ережелері деп аталатын тұтқындарға қатысты минималды стандартты ережелеріне сәйкес келеді.

Қазір «қаңтардағы оқиғаларға» байланысты қамауға алынған азаматтардың ұстау жағдайларына қоғамның назары ерекше бөлінген кезде, біз тергеу изоляторларындағы бақылауды екі есе күшейттік, қоғамдық мониторинг жүргізуге толық мүмкіндік бердік. Әрине, біздің мекемелеріміздің жабық болуы жалпы қылмыстық-атқару жүйесіне деген сенбеушілікті тудыруы мүмкін, - деді Аюбаев. 

Мейрам Аюбаев атағандай, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық-бақылау комиссиялармен, ұлттық алдын алу тетігімен және үкіметтік емес ұйымдармен бірге қызмет етіп жатыр. 

Олар қамаудағы азаматтардың құқықтары мен ұстау жағдайларына   тәуелсіз мониторинг өткізеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы