Біз ортақ іс үшін қаражатымызбен бөлісуіміз керек – БҰҰ дінаралық бас хатшысы

14 Қыркүйек 2022, 17:18
1517
Бөлісу:
Біз ортақ іс үшін қаражатымызбен  бөлісуіміз керек – БҰҰ дінаралық бас хатшысы

«Діндер бейбітшілік үшін» Дүниежүзілік дінаралық ұйымының бас хатшысы Азза Карам діни қауымдастықтарды инвестиция салуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, құндылық пен руханилықтың бәрі әрбір дінннің тамырында жатыр.

Дәстүр мен құндылықтар болмаса адамзатта адам құқықтары болмайтын еді. Біздің әрқайысымыздың өзіндік құндылықтарымыз бар. Егер біз оларды назардан тыс қалдыратын болсақ, онда ортақ саналатын қасиетті құндылықтарымызды көзге ілмегеніміз. Сондықтан сақталып келген құндылықтарды келер ұрпаққа қалай жеткізетініміз туралы да естеп шығармау керек. Оларға құрметпен қарауымыз керек, - дейді «Діндер бейбітшілік үшін» Дүниежүзілік дінаралық ұйымының бас хатшысы.  

Ол саяси процестер кезінде  дінді ескеру керек екенін атап өтті.

Діни лидердердің рөлін ұмытпауымыз керек. Қазіргі атқарып отырған рөлдері өте жоғары сатыда. Егер ескерілмей қалған жағдайда салдары қақтығыстар мен ауыр зардаптарға алып келіп жатады, - деді ол.

Сондай-ақ спикер әлемдегі кез келген дағдарыс кезінде діни ұйымдардың рөлі артқанын айтты.

Діни лидерлерге айтарым, біз әлі көп нәрсені үйренуіміз керек. Әсіресе, денсаулық сақтау ұйымдарымен көп нәрсені ұйымдастырумыз керек. Мысалы, ВИЧ және СПИД сияқты аурулар әлі де жойылған жоқ. Міне, бұл індеттердің алдын алумыз керек. Коронавирус әлемді жайлаған кезде діни ұйымдар осы вирусты еңсеруге көмектесті. Олар алғы шепке шығып, адамдардың өмірін құтқарды. Бұл өте құптарлық жағдай. Алайда, гуманитарлық  дағдарыс кезінде бірнеше дін бір мезетте іс-қимыл жасамады. Әрбір діни қауымдастық бұл жақсы жұмыс істеп тұрған гуманитарлық машина деп айтуға болады. Діни қауымдастықтар бірге жұмыс істеу үшін міндетті түрде бірлескен іс-қимылдар қажет, - деді Азза Карам Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде.

Ол әлемдік діни қауымдастықтардың бірлесе жұмыс атқаруы керек екенін айтты.

Әрбір діни қауымдастықтың өзінің миссиясы бар екені белгілі. БҰҰ кіші үш ұйымы бар. Олар осы діни ұйымдардан қаражат алады. Біз ортақ іс үшін қаражатымызды бөлісуіміз керек. Менің айтқым келіп отырғаны, бір-бірімізге инвестиция салайық. Бұл ең қарапайым демеуші. Бұны өте жақсы тұрғыдан істей аламыз. Басқаша айтар болсам, біздің жаратылысымыз әртүрлі бірақ бір-бірімізді танудың  тәсілі ол қоян-қолтық жұмыс істеу, - деді «Діндер бейбітшілік үшін» Дүниежүзілік дінаралық ұйымының бас хатшысы.

Өзгелердің жаңалығы