Біз Головкинмен біргеміз - Геннадий Шиповских

18 Қыркүйек 2022, 11:52
2221
Бөлісу:
Біз Головкинмен біргеміз - Геннадий Шиповских

Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских GGG  мен «Канело» арасындағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Керемет жекпе-жек! Басқа айтар сөзім жоқ. Біз әрқашан Генамен біргеміз. Ол біз үшін аңыз. Қанша уақыттан бері біздің туымызды көкке желбіретті. Мұндай кезде қазақстандықтар Головкинді қолдау керек. Шын мәнінде, бүгін екі боксшыда Big drama show көрсете білді. Өз басым, шынайы әрі әдемі кәсіпқой бокстың куәгері болдым, - деді Мәжілісмен. 

Депутаттың айтуынша, жекпе-жекте екі боксшының жас айырмашылығынан бөлек, техника мен тактикасы да өте көп рөл ойнады.

12 раунд бойы тапжылмай жүру қиын дүние. Іс жүзінде бәрі оңай емес. Біз Геннадий Головкинмен біргеміз. Ол біз үшін аңыз болып қалады, - деді Геннадий Шиповских. 

Өзгелердің жаңалығы