"Біз де министр болдық". Бақытжан Жұмағұлов балабақшадағы мәселелерді шешу жолын ұсынды

11 Желтоқсан 2019, 18:14
5213
Бөлісу:
"Біз де министр болдық". Бақытжан Жұмағұлов балабақшадағы мәселелерді шешу жолын ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов білім сапасын арттыру мәселесін көтерді. 

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, кейбір балалар мекемелері әлі де қолайсыз мекенжайда орналасқан. Кейбір балабақшаларда білім беру компоненттері жоқ. Қажетті білім дәрежесі бар мамандар жетіспейді. Тәрбиешілер тарапынан балаларға күш көрсету, қол жұмсау фактілері анықталған. Бұған 2017-2019 жылдары ата-аналардан түскен 203 шағым дәлел болып отыр. Осындай жағдайларды қалай жоюға болады? Менің ойымша, оны қайтадан лицензия енгізу арқылы реттей алар едік. Кезінде алып тастады, енді оны қайтаруға болады. Мұны шаш ал десе, бас алмай ырғақпен, байыппен, қалыптасқан нәтижені бұзып не жеткен жетістігімізді төмендетіп алмай ақырындап енгізген дұрыс болар еді. Алғашқы кезеңде мектепке дейінгі мекемелердің жағдайын ескере отырып лицензияның бірнеше түрін енгізуге болады. Нәтижесінде балалар мекемелерін сапалы әрі жоғары деңгейге жеткізуге болар еді, - деді Жұмағұлов.

Бұрынғы Білім және ғылым министрі (2010-2013 жж) ЖОО-ға академиялық және басқару дербестігін беру мәселесін де көтерді. 

Біз де министр болдық қой. "Құлағын бұрасақ реттеліп қалады" деп ойлаушы едік, бірақ олай емес екен. Қазір ойлап отырсам көп жерде біз заңға сүйенуіміз керек. Ректорларға, олардың қоғамдарына сенуіміз керек. Заңмен академиялық және басқару дербестігі беріліп отырған соң ректорлар оны қабылдап, университет ішіндегі жағдайларды дұрыстау керек, - деді Парламент Сенатының депутаты.
Өзгелердің жаңалығы