"Біз бұл соғыста жеңіске жеттік": Трамп АҚШ-тың Иранмен "дәл қазір" келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді

Трамп АҚШ Ираннан "өте қомақты сыйлық" алғанын мәлімдеді.

 Ақ үйдің баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 01:25
Бүгiн 2026, 01:25
210
Фото: Ақ үйдің баспасөз қызметі

АҚШ президенті Дональд Трамп журналистерге өз елі "Ирандағы дұрыс адамдармен дәл қазір келіссөз жүргізіп жатқанын" айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Трамптың айтуынша, бұл "дұрыс адамдар" Вашингтонмен келісім жасасқысы келеді.

Бірақ шын мәнінде біз дұрыс адамдармен сөйлесіп жатырмыз, және олар келісім жасауды қатты қалайды. Сіз тіпті олардың қаншалықты қатты қалайтынын елестете алмайсыз. Біз не болатынын көреміз, – деді Трамп Ақ үйде журналистерге.

Ақ үй басшысы Джей Ди Вэнс, Марко Рубио және Стив Уиткофф Иранмен келіссөздерге қатысып жатқанын мәлімдеді.

Иә, біз келіссөз жүргізіп жатырмыз, енді сіздер менің кеше айтқанымның толықтай дұрыс болғанына көз жеткіздіңіздер. Біз дәл қазір келіссөз жүргізіп жатырмыз. Олар Маркомен және Джей Димен бірге осы іспен айналысуда – бұл процеске тартылған адамдар көп. Мен сіздерге айта аламын, қарсы тарап келісім жасағысы келеді, – деді Трамп.

Ол нақты кіммен келіссөз жүргізіліп жатқанын нақтыламады, бірақ «Иранда жаңа көшбасшылар тобы пайда болды, бұл іс жүзінде режимнің ауысуы» деп мәлімдеді.

АҚШ президентінің сөзінше, енді Вашингтон олардың өздерін қалай көрсететінін бақылауы керек.

Сөз соңында Трамп Иранға қатысты "жеңіс" туралы айтты.

Менің ойымша, біз соңына жақындап қалдық. Нақты айта алмаймын. Біз бұл соғыста жеңіске жеттік, – деді ол.

Сондай-ақ Трамп АҚШ Ираннан "өте қомақты сыйлық" алғанын мәлімдеді.

Кеше олар шынымен таңғаларлық нәрсе жасады. Олар бізге сыйлық берді, және ол бүгін келді. Бұл өте үлкен, құны орасан зор сыйлық болды. Оның не екенін айтпаймын, бірақ бұл өте маңызды олжа болды. Бұл олардың өте жақсы қадамы болды. Бұл маған біздің дұрыс адамдармен жұмыс істеп жатқанымызды көрсетті, – деді ол.

Оның айтуынша, бұл сыйлық "мұнай мен газға байланысты" және Ормуз бұғазына қатысты болған. Ол ядролық энергетикаға қатысы жоқ екенін атап өтті.

Алайда АҚШ-тың қорғаныс саласындағы өкілі басқаша мәлімдеме жасады.

Біз келіссөздерді бомбалар арқылы жүргізіп жатырмыз, – деді Пит Хегсет Трамптан кейін сөйлеп.

Бұған дейін БАҚ Аббас Арагчи мен Стив Уиткофф арасында өткен телефон әңгімесінде Иран тарапы Вашингтонға жоғарғы жетекші Моджтаба Хаменеи қақтығысты тез аяқтауды қолдағанын жеткізгенін хабарлаған.

Ал Иран СІМ өкілі Исмаил Багаи Тегеран Вашингтонмен тікелей келіссөз жүргізбегенін, бірақ делдалдар арқылы диалог орнату туралы хабарламалар алғанын айтты.

Наверх