Біз біргеміз: Семейлік полицейлер көмек көрсетуде

28 Сәуір 2020, 07:58
1301
Бөлісу:
Біз біргеміз: Семейлік полицейлер көмек көрсетуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласындағы полиция қызметкерлері мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Қалалық ПБ баспасөз қызметінің мәліметінше карантин кезінде кәсіпорындардың көбі жұмысын тоқтатқандықтан кейбір отбасылар қиын жағдайға кез болған. Осы ретте тәртіп сақшылары төтенше жағдайда көмектесуді өздерінің азаматтық борышы деп санайды.

Жуықта тергеушілер бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін осындай отбасыларға тараттық. Осылайша, біз коронавируспен күресте бәріміздің бір екенімізді көрсеткіміз келді. Мұқтаж жандарға қолұшын созуға мүмкіндік болса, аянып қалмау керек. Бір-бірімізге қамқорлық танытқанымыз жөн, - дейді Семей қалалық ПБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сұңғат Әділбеков.

Осы ретте құқық қорғау органдарының өкілдері қазіргі қиын кезде әр адамның негізгі міндеті – карантин режимін сақтап, жақындарының, туған-туысқандарының денсаулығын сақтау екендігін атап өтті.



Өзгелердің жаңалығы