"Біз біргеміз": Ертіс өңірінің өнерпаздары онлайн-концерттер өткізуде

11 Сәуір 2020, 14:50
2233
Бөлісу:
"Біз біргеміз": Ертіс өңірінің өнерпаздары онлайн-концерттер өткізуде
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі мәдениет ошақтарының жұмысы уақытша тоқтатылғаны белгілі. Қосымша қауіпсіздік шаралары енгізіліп, шектеу қойылғанмен, мәдениет саласының қызметкерлері жұмыстарын үй жағдайында жалғастыруда. Себебі, алдағы уақытқа межелеген жоспарлары көп.

Онлайн режимде жұмыс істеп жатқан мәдениет ошақтарының қатарында Иса Байзақов атындағы облыстық филармониясы бар. Бүгінде шығармашылық ұжымдардағы 250-ден астам маман дайындықтарын үйлерінде жалғастыруға мәжбүр. Дәстүрлі, классикалық және эстрадалық орындау бағытындағы өнерпаздардың барлығы онлайн режимге көшкелі 10-күннен асыпты.

шетин1.PNG

Сахнамен уақытша қоштасқандардың қатарында ерлі-зайыпты Раушан мен Айвар Накишпаевтар бар. Бірнеше ұлттық аспапты қатар меңгерген әртістер шағын ансамбль құрған. Облыстық филармонияның қобызшысы Раушан Накишпаеваның айтуынша, ансамбль құруға үй жағдайындағы дайындықтар түрткі болыпты, себебі, шығармашылыққа әдеттегіден көбірек уақыт бөлуге болады.

Қазір уақытымыз көбейді. Домбыра, қылқобыз, сыбызғы дейсіз бе, бәрін меңгеріп алуға мүмкіндік туды. Жолдасым екеуміз жетіген мен сыбызғыны үйлестіріп, халық әуендерін орындауға машықтанып алдық. Дайындықтарымызды видеоға жазып, әлеуметтік желілерге бөлісіп жатырмыз. Ең бастысы, көрермендерімізбен байланысымызды үзбеуіміз керек. Қазір үйде отырсақ та, шығармашылық жұмысымыз тоқтамақ емес. Шабыттанып жатырмыз, - дейді Раушан Накишпаева. 

шетин2.PNG

Иса Байзақов атындағы облыстық филармония жанындағы Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің дирижері, көркемдік жетекшісі Талғат Кәрімовтің айтынша, онлайн режимге көшу қиындық тудырмаған. Әрістердің көңіл-күйіне әсер ете қоймапты. Керісінше, бүгінде өнерпаздар жергілікті "Халық" радиосы арқылы онлайн-концерттер өткізіп жатыр.

Айта кетейік, қазіргі таңда облыстағы қос театрдың жұмысы да уақытша тоқтады. Бұған қарамастан, өнер майталмандарының жалақысы сақталады.

 

 

Өзгелердің жаңалығы