Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XIX Хатшылығының отырысында Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев айтты.
Биыл біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Осынау жылдар ішінде еліміз қол жеткізген жетістік көп. Бұрынғы Кеңес Одағының шеткері республикасынан Қазақстан әлемдегі танымал және құрметті заманауи мемлекетке айналды. Бүгінде аяғына нық тұрып, болашаққа нық сеніммен қарайтын мемлекет болды. Халықаралық қауіпсіздік пен әлемдік дамуға елеулі үлес қосатын мемлекетке айналды, - деді ол.
Әшімбаев атап өткендей, осы кезең ішінде бейбітшіліктің, бірліктің және конфессияаралық диалогтың өзіндік моделін қалыптастыра алдық.
Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалыптастарған бұл модель өзінің тиімділігі мен өміршеңдігін көрсетті. Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен этностық және конфессияаралық қамтамасыз етудің саясаты жүзеге асырылуда. Біздің модель бірнеше қағидатқа негізделген. Ең алдымен әртүрліліктегі бірлік. Сонымен қатар әртүрлілік феномені - әртүрлі этникалық топтардың, мәдениеттер мен конфессиялардың жақындасу факторы. Этностың діни тиесілігіне қарамастан барлық азаматтың құқығын құрметтеу және қамтамасыз ету маңызды қағидат. Сондай-ақ елімізде тұратын барлық этникалық топтың тілдік, мәдени және діни сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін институционалды және өзге де жағдайлар жалғасуда, - деп түсіндірді Мәулен Әшімбаев Съездің ашылуында.
Оның сөзінше, түрлі этностық топтардың өкілдері мемлекеттік тілді құрметтеуі тиіс. Этносаралық және конфессияаралық келісімнің тағы бір маңызды қағидаты - жүйелі диалог және ел болашағы үшін бірлескен жауапкершілік.
Бұл бағытта этномәдени орталықтар, достық үйлері, Қазақстан халқы ассамблеясы және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі сияқты бірегей институттар жұмыс істейді. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XIX Хатшылығының отырысын өткізу біз үшін имидждік шара емес, Қазақстан даму моделінің құрамдас бөлігі. Хатшылықтың бүгінгі отырысы бұрынғы шешімдерін іс жүзінде іске асыруға жаңа серпін береді. Одан бөлек, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін өткізуге ықпал етеді, - деп айтты Съезд Хатшылығының басшысы.