Біз әлеуеті зор, өзін-өзі толық қамтамасыз ете алатын ұлтпыз - Тоқаев

26 Қараша 2022, 11:53
819
Бөлісу:
Біз әлеуеті зор, өзін-өзі толық қамтамасыз ете алатын ұлтпыз - Тоқаев

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі заман уақытты жылдамдатып, оқиғалар тізбегін қабаттастырады. Сөзіміз бен ісіміздің шынайы бағасын тарих таразысы ғана береді. Ар-ұжданымыздың тазалығы мен халқымыздың құрметі – бәріміз үшін үлкен сый, - деп атап өтті Мемлекет басшысы елордада өтіп жатқан Президентті салтанатты ұлықтау рәсімінде.

Айтуынша, біз өзін-өзі толық қамтамасыз ете алатын ұлтпыз.

Біз – рухани мұрасы бай, қарқынды даму әлеуеті зор, қуатты әрі өзін-өзі толық қамтамасыз ете алатын ұлтпыз. Шығыстың ұлы ұстазы Әл-Фараби адамдарды әділ болуға, ақиқатты сүюге, ар-намысты қастерлеуге, сабырлы болуға және қашан да білімге ұмтылуға үндеді. Мемлекеттілігіміздің дамуында қуатты серпіліс жасай алған ұрпақ ретінде тарихта қалуға зор мүмкіндігіміз бар екеніне сенімдімін. Елдің келешегі бізге, барлығымыздың қажырлы еңбегімізге байланысты, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Еске сала кетейік, елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті.

Өзгелердің жаңалығы