Биылғы маусым мен үшін ең үздік болды - Александр Бублик

9 Желтоқсан 2023, 15:36
622
Бөлісу:
Биылғы маусым мен үшін ең үздік болды - Александр Бублик
Фото: prosports.kz

Теннистен Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-ракеткасы Александр Бублик 2023 жылғы маусымдағы өнерін үздік деп бағалайтынын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Александр Бублик биыл екі турнирде жеңіске жетті. Бірінші маусым айында Галле (Германия) ATP 500 жарысында финалда ресейлік Андрей Рублевті ұтып, чемпион атанды. Содан кейін қазанда Антверпен (Бельгия) ATP 250 додасында соңғы бәсекеде франциялық Артур Фисті жеңді.

Шынында да бұл мен үшін үздік маусым болды. Осыған дейін мұндай титулдарға ие болған жоқпын. Оның үстіне рейтингте бұлай көтерілмеп едім. Дегенмен қиындықтар да болды. Өз ойынымды табу қиынға соқты. Тек Галле турнирінде ұзақ уақыт бойы жаттыққанымның жемісін көрдім. Тұрақты өнер көрсеттім. Сөйтіп өз спорттық жолымдағы үздік нәтижеге қол жеткіздім, - деді Александр Бублик.

Өзгелердің жаңалығы