Биылғы көмір бағасы мен еуропаға экспорты туралы айтылды

25 Тамыз 2022, 17:18
1834
Бөлісу:
Биылғы көмір бағасы мен еуропаға экспорты туралы айтылды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен халықты көмірмен қамтамасыз ету туралы баспасөз конференциясында айтылды деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Аймақтық операторларда көмірдің бағасында айтарлықтай өзгеріс болмайды. Инфляцияның әсерінен сәл көтерілуі мүмкін. Бірақ күрт қымбаттауы күтілмейді. Халыққа көмірдің бағасы аймаққа байланысты тоннасына 9 мың теңгеден ары кеткенде 14 мың теңгеге дейінгі аралықта сатылады. 14 мың теңге еліміздің сұранысы аз, көмірі қымбат, қашық аймақтарында ғана, - деді  ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасы Ілияс Оспанов. 

Ол сондай-ақ көмір экспортына да тоқталып өтті. 

Мемлекетте жыл сайын 110 миллион тоннаның шамасында көмір өндіріледі. Соның 28 пайызы экспортқа жолданады. Экспортқа көбіне Богатырь кенінде өндірілетін көмір жіберіледі. Ол көмірді көбіне өндірістік мекемелер, жылу электростансалары қолданады. Халыққа Богатырьден жылына 300-ақ мың тонна жолданады, - деді ол. 

Комитет төрағасы Қазақстан көмірінің кейбір өңделген түрлері көбіне Ресей сияқты көрші елдерге, аз бөлігі Еуропа мен Солтүстік-шығыс Азия өңірлеріне жолданатыны туралы да ақпарат берді. Дегенмен  ИИДМ Қара металлургия және көмір өнеркәсібі басқармасының басшысы Жанат Игісіновтың айтуынша, Еуропаға көмірдің экспорттық бағыты артты.

Еуропаға экспорт былтыр 14,5 миллион тонна болса, биылғы жеті айда 16,2 миллион тонна болды, - деді ол.

Айта кету керек, елімізде көмірге сұраныс 72 мен 78 миллион тоннаның арасында. 

Өзгелердің жаңалығы