Биылғы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

16 Шілде 2022, 02:21
1520
Бөлісу:
Биылғы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық комиссия шешімімен биылғы жылдың бірінші ағынында стипендия 199 қазақстандыққа тағайындалды, деп хабарлайды ХБО-ның баспасөз қызметі.

Олардың ішінде Гарвард, Кембридж, Оксофрд, Колумбия, Стэнфорд, Пенсильвания, Корнелл университеттері секілді әлемнің үздік жоғары оқу орындарына магистратураға 187, докторантураға 12 адам оқуға түсті.

Биылғы 12 шілде күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Кадрларды шетелде даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жалпы алғанда, биылғы жылы магистратура мен резидентураға 385 стипендия, докторантураға 60 стипендия бөлінді. Ағымдағы жылдың соңына дейін Республикалық комиссияның екі отырысы өтеді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар қабылдау ағымдағы жылғы 23 мамыр мен 14 қазан аралығында өткізіледі. Тағылымдамадан өту үшін құжаттар қабылдау 2022 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін өтеді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы