Биыл жүйке ауруларын емдеуде радиохирургия әдісі енгізіледі

16 Маусым 2021, 18:54
1023
Бөлісу:
Биыл жүйке ауруларын емдеуде радиохирургия әдісі енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Елбасы кітапханасында медицина қызметкерлерімен салтантты кездесу кезінде Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.


Оның айтуынша, қазіргі күні отандық медицина бірнеше бағыт бойынша халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті жүйе қалыптастырды.
Елімізде жоғары технологиялы медициналық көмектің 78 түрі халыққа қолжетімді. Биыл біз заманауи аппаратты қолдана отырып, орталық жүйке жүйесі ауруларын емдеудің радиохирургиялық әдісін енгізу, сонымен қатар, Nazarbayev University жанынан Балалар кардиохирургиялық орталығын ашу жоспарланып отыр, – деді ол.

Ералы Тоғжанов пандемияға қарамастан елде оң медициналық-демографиялық динамика сақталуда екенін атап өтті.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша ана өлімі мен қатерлі аурулардан болатын өлім-жітім 3%-ға төмендеді. Әрине, бұл сандардың артында адам өмірі, медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегі тұр, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы