Биыл жол құрылысында қандай жобалар іске асты?

15 Қараша 2023, 18:48
635
Бөлісу:
Биыл жол құрылысында қандай жобалар іске асты?
Фото: Артём Чурсинов - архив

Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин жыл соңына дейін елімізде 856 шақырым автожолда құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол жүктері Қазақстан арқылы өтетін елдер арасындағы тауар айналымы жыл сайын тұрақты өсім көрсетіп отырғанын айтады. Бұл көлік инфрақұрылымына қосымша жүктеме береді және сала алдына жаңа міндеттер қояды.

Қазір 13 халықаралық дәліз жұмыс істейді, соның 5-і теміржол және 8-і автожол көлік дәлізі. Қазақстанның дәліздері ең қысқа жолды қамтамасыз етеді және жүктерді жеткізу мерзімдері тұрғысынан барынша тартымды болып қала бермек. Дегенмен, автомобиль және теміржол өткізу пункттерінде өткізу қабілетін арттыру бойынша одан әрі жұмыс қажет, - деді Төлеген Абдуллин «Қазавтожол-Kaztraffic-2023» ХІХ халықаралық көрмесі аясындағы ғылыми-практикалық конференцияда.

Абдулиннің айтуынша, биыл ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарындағы жол жұмыстарымен жалпы қамту шамамен 11 мың шақырым.

Оның ішінде:
- республикалық желі жолдарында 6,5 мың шақырым. 
- 4,2 мың шақырым жергілікті желі жолдары жөндеу жұмыстарымен қамтылған

Республикалық желіні дамыту аясында 3,6 мың шақырымда құрылыс және реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 856 шақырым автожолда құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Оның 411 шақырымы пайдалануға берілген, қалған 445 шақырымы бойынша пайдалануға беру бойынша құжаттар дайындалуда, - деді Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы. 

Өзгелердің жаңалығы