Биыл жергілікті жолдар желісінің 337 жобасы іске асырылуда

5 Қараша 2021, 15:16
913
Бөлісу:
Биыл жергілікті жолдар желісінің 337 жобасы іске асырылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Оның сөзінше, автожол саласын дамыту үшін Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы әзірлеген.

Биылдан бастап ол «Қуатты өңірлер: ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына айналады. 2020 жылға дейін еліміздің республикалық маңызы бар жолдардың 13 мың шақырымға жуығы реконструкцияланды. Бұл республикалық желінің 89%-ын және жергілікті желінің 75%-ын нормативтік жағдайға жеткізуге мүмкіндік берді, – деді ол.

Өскенбаевтың айтуынша, Ұлттық жобаға сәйкес республикалық маңызы бар жолдардың 12 мың шақырымын құрылыс және реконструкциямен, ал 11 мың шақырымын жөндеумен қамту көзделіп отыр.

Осы жылы жергілікті желідегі 3,4 мың шақырым жолды қамти отырып, құрылыс, реконструкция мен жөндеудің 337 жобасын іске асыру жүргізілуде .

Айта кетейін, қазіргі таңда облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 71 мың шақырымды құрайды. Оның 75%-ы нормативтік жағдайда. 2025 жылға дейін біз облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының нормативтік жағдайдағы үлесін 95%-ға жеткізу жоспарланған, – деді Өскенбаев.
Өзгелердің жаңалығы