Биыл жазғы лагерлер 3,3 млн оқушыны қамтуды жоспарлап отыр

1 Маусым 2022, 11:08
1502
Бөлісу:
Биыл жазғы лагерлер 3,3 млн оқушыны қамтуды жоспарлап отыр
Фото: uralskweek.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілішісі. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова мәлімдеді.

Биыл  балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру ерекше назарда. Оның тиімділігін арттыру, кадрлық әлеуетін дамыту бойынша жұмыс жүргізілді. Мамыр айында балалар лагерлерінің студенттік педотрядтарының қатысуымен «Балалық шақ навигаторлары» республикалық слеті өткізілді. Жергілікті әкімдіктер демалыс лагерлерін, мектеп жанындағы алаңдардың, жазғы мектептердің жағдайын қарастырып, жөндеу жұмыстарын жүргізді, - деді вице-министр Үкімет отырысында.

Ол осыған дейін екі жыл карантиндік шектеулерден демалыс ұйымдастыру толық іске аспағанын айтты. Ал биыл жазғы уақытта 3,3 млн оқушыны қамту жоспарланып отыр.  

Көрсеткіш 31 пайызға артады. Олай бола тұрса да, қала сырты лагерлерінің санын арттыру қажеттілігі бар.
Бүгін балаларды қорғау күні Мемлекет басшысының қатысуымен Алматы қаласында 6 мыңнан аса баланы қамтитын «Балафест» мерекелік іс-шарасы өткізіліп жатыр, сонымен қатар әр өңірден балалардың Нұр-Сұлтан қаласына саяхаты ұйымдастырылды. Өңірлерде Балалар күні мерекесі ауқымды форматтарда өткізіліп жатыр, - деді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова. 

Өзгелердің жаңалығы