Арендалық баспана: Балдық жүйе қалай есептеледі?

30 Қараша 2020, 15:01
2731
Бөлісу:
Арендалық баспана: Балдық жүйе қалай есептеледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тұрғын үй қорының баспасөз хатшысы Арманай Қабдешова айтты.

Құжаттарды қабылдау 1-6 желтоқсан аралығында жүргізіледі. Сондай-ақ құжаттар онлайн түрде astana.gov.kz сайты арқылы қабылданады. Ең бірінші кезекте электронды цифрлық кілт болуы керек. Егер негізгі талаптарға сай келетін болсаңыз, яғни ҚР азаматы болып, атыңызда жылжымайтын мүлік болмаса, соңғы 6 ай бойы жұмыс істейтін болсаңыз, онда байқауға қатысуға мүмкіндігіңіз бар. Іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізіледі, - дейді ол.

Балдық жүйе қалай есептеледі?

– Отбасының болуы үшін – 5 балл, Некенің әр жылы үшін – 2 балл;

– Баланың болуы үшін-1 балл, келесі әрбір бала үшін – 2 балл;

– Бюджеттік ұйымдардағы (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардағы) еңбек қызметі үшін – 5 балл, еңбек өтілінің әр жылы үшін -1 балл;

– нарық сұранысына ие 100 мамандық тізіміне сәйкес мамандықты игерген өтініш берушіге – 10 балл (тізім сайтта жарияланған zhilfond.kz);

– жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кемінде 1 жыл – 5 балл, әрбір жыл үшін – 1 балл;

– өтініш берушінің әртүрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған кезде (кәсіби саладағы жетістіктері ескеріледі) – 2 балл;

– екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шоттарындағы жинақтардың әрбір жылы үшін – 2 балл.

350 пәтер ұсынылып отыр. Пәтерлер Қордай мен Рақымжан Қошқарбаев даңғылы қиылысында, Абылай хан мен Бауыржан Момышұлы көшелері қиылысында орналасқан. Берілетін үйлер 31-47 шаршы метр көлеміндегі бір бөлмелі пәтерлер. Іріктеу отбасы мүшелеріне қарай жүргізіледі. Бір бөлмелі пәтерден үлкен пәтер жоқ. Сол себепті шаршы метрге қараймыз. Егер отбасыңызда бала болса, онда үлкенірек шаршы метрлі пәтер берілетін болады, - деп атап өтті Арманай Қабдешова.

Оның айтуынша, өтініштер қабылданғаннан кейін өтініш жіберген азаматқа құжаттарды қарастыру мерзіміне байланысты sms-хабарлама жіберіледі. «Өтініш қабылданды, түзету қажет немесе қарастырылудан бас тартылды» деген хабарламалар жолданады.

Бас тартудың негізгі себебі – мекенжай анықтамасы болмаса, жас мөлшері келмесе не азаматтың атында мүлік болса. Түзету қажет болса, оған бір күн беріледі, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы