Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Биыл жаңа оқу жылы қашан басталады?

24 Шілде 2025, 11:50
956
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Биыл елімізде жаңа оқу жылының қашан басталып, аяқталатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Үкімет үйінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді. 

Айтуынша, жаңа оқу жылы әдетте 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады. 

Оқу процесі 2 қыркүйектен басталады. Салтанатты қоңырау рәсімін өткізу күні мен уақытын әр мектептің педагогикалық кеңесі шешеді, - деп жауап берді ведомство басшысы.

Еске салайық, биыл тамыз айында қазақстандықтарға қосымша демалыс беріледі.

Өзгелердің жаңалығы