Биыл Жамбылда өрттен болған шығын 17 млн теңгеден асты – Әкімбаев

13 Тамыз 2021, 15:31
3166
Бөлісу:
Биыл Жамбылда өрттен болған шығын 17 млн теңгеден асты – Әкімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбылда осы жылдың 7 айында 340 өрт болды. Онда 14 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды. Материалдық шығын 17 млн 331 мың теңгені құрады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Мақсат Әкімбаев айтты.

Өңірдегі өрт 2020 жылмен салыстырғанда 5% - ға, ал өртте адамдардың қаза болуы 3,5 есеге ұлғайған. Өрттің басым көпшілігі тұрғын үй секторында, автокөлік құралдарында және ашық аумақтарда болады. Облыс бойынша болған өрттің  61%-ы тұрғын үй секторының өртенуінен (210 жағдай), сонымен қатар 69 көлік өртеніп кеткен (20 пайыз), - деді Әкімбаев.

Спикер суға шомылуға барған адамдар көп жағдайда сақтық шараларын сақтамай жатқандарын да атап өтті.

Өйткені өңірде сақтық шараларын сақтамайтындар көбейген. Су айдындарында қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында 2208 рейдтік іс-шара жүргізілген. Рейдтер барысында Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440 бабы бойынша 186, ал 364-бабы бойынша 65 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Бұл көрсеткіштер 2020 жылға қарағанда 2 есеге көбейген, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы