Биыл Украина қазақтарының құрылтайы өтеді

12 Ақпан 2021, 03:33
1861
Бөлісу:
Биыл Украина қазақтарының құрылтайы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның әртүрлі аймақтарын ұсынатын қазақ диаспорасының белсенділерімен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әңгімелесу барысында қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық туралы, сондай-ақ Елшілік жұмысының басым бағыттары туралы, оның ішінде шетелдегі қандастарды қолдау мәселелері бойынша хабарлады, – делінген елшіліктің Telegram-дағы парақшасында.

Осы тұрғыда Украинадағы қазақ диаспорасын бірлескен іс-шаралар арқылы одан әрі консолидациялау мәселелері талқыланды.

Жиналысқа қатысушылардың жалпы пікірі бойынша, биылғы жылдың басты оқиғаларының бірі – Украина қазақтарының құрылтайы болады, оның барысында бірқатар маңызды шешімдер қабылдау жоспарланып отыр, соның ішінде Украинаның қазақтар қауымдастығын құру қаралады, – делінген хабарламада.

Кездесу соңында елші Д.Кәлетаев «ISKA Ukraine» кикбоксинг федерациясының президенті Николай Акижановты жоғары атағымен - Украинаның кикбоксингке еңбегі сіңген жаттықтырушысының берілуімен құттықтады.

Өзгелердің жаңалығы