Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Атбасар қаласы №7 қазақ орта мектебінің түлегі Нурдыбек Әділбек биылғы ҰБТ тапсырушыларға сәттілік тілеп, өз ойымен бөлісті.
Биылғы ҰБТ тапсыратын түлектерде мүмкіндік көп болды. Себебі, еліміздегі жағдайға байланысты қашықтан оқыту барысында көп уақытты өзіміз үшін пайдалануға тура келді. Сондықтан дайындықты мұқият жүргіздім десем болады. ҰБТ басталатын күні аса қатты қобалжыған жоқпын. Алдын ала тыйым салынған заттарды алып өтуге болмайтыны туралы ескертіліп айтылды. Тест тапсыруға келген күні барлығымыз дене қызуымызды өлшетіп залалсыздандыру дәлізінен өттік. Әлеуметтік ара қашықттықты сақтап көрсетілген аудитория бойынша орнымызға отырдық. ҰБТ барысын ата-анамыз онлайн бақылады - дейді талапкер.
Ол өзі үшін емтихан барысы өте жайлы өткенін айтты.
Барлық қатысушы өздерінің білімдерін көрсетуге толық мүмкіндік алды. Телефон, шпаргалка қолданған балалар болған жоқ, себебі ереже бұзған жағдайда біз барлық мүмкіндіктен 1 жылға айырылатынымызды сезініп, аса жауапкершілікпен келген едік. Қазіргі заман білімділер оза шабатын, білімді ортаға салатын уақыт. Сондықтан "өзіңе сен өзіңді алып шығар, ақылың мен білімің екі жақтап" деген қағиданы құрдастырымның есіне салғым келеді. Тиянақты дайындық пен өзіңе сенім болса кез келген сынақан қиналмай өтетінің анық. Менің ҰБТ дағы нәтижем 101 балл, мүмкін сіздер бұдан да жақсы нәтиже көрсетерсіздер, сондықтан барлықтарыңызға сәттілік тілеймін! - дейді мектеп бітіруші түлек.