Биыл Талапкердің жолын жөндеуге мол қаражат бөлініп отыр – облыс әкімі

27 Маусым 2022, 16:26
1347
Бөлісу:
Биыл Талапкердің жолын жөндеуге мол қаражат бөлініп отыр – облыс әкімі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жауап берді.

Жол мәселесі өте күрделі сұрақ.  Осыған дейін Талапкер ауылына 2 млрд теңге қаржы бөлініп келді. 20 шақырым жол қалпына келтіріп, олардың жұмыстарын аяқтадық. Биыл жұмыс қарқынды түрде жалғасуда. Үш жыл ішінде 2 млрд теңге бөлініп келсе , биыл өте көп қаржы 4,5 млрд теңге бөлініп отыр, -деді Ермек Боранбайұлы «Мемлекет басшының тапсырмалары аясында Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Ермек Маржықпаев өз баяндамасында  биыл бес айдың қорытындысы бойынша республика өңірлерінің бөлінісінде облыс әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды индикаторларын орындау жөнінде  бірінші орында келетінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы