Биыл Шымкентте 131 өрт оқиғасы тіркелген

21 Қыркүйек 2022, 07:53
950
Бөлісу:
Биыл Шымкентте 131 өрт оқиғасы тіркелген

Шымкент қалалық ТЖД басшысы биыл Шымкентте 131 өрт оқиғасы тіркелгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Департамент мәліметіне сәйкес ағымдағы жылы қалада тіркелген төтенше жағдайдың 86%-ы өртке қатысты болған.

Ал жыл басынан бері тіркелген өрттен 1 адам қаза тапса, 2 адам жарақат алған. Бұл көрсеткіш өртке қатысты деректердің өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға өскенін көрсетеді.

Былтыр жылу беру маусымында тұрғын үйлерде 56 өрт тіркелген, материалдық шығын 86 млн. теңгені құрайды. Есепті жиын соңында қаланың «2022-2023 жылдардағы жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу» іс-шаралар туралы жоспары бекітілді.

Өзгелердің жаңалығы