Рождествода денсаулығы әлсіз және 65 жастан асқандарға шіркеуге бармау ұсынылды

6 Қаңтар 2021, 14:00
2059
Бөлісу:
Рождествода денсаулығы әлсіз және 65 жастан асқандарға шіркеуге бармау ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрдәулет Әлмұханов айтты.

Оның айтуынша, санитариялық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты және Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 250 қаулысына сәйкес, барлық храмдардағы діни жоралар құлшылық етушілерді 30%-дан аспайтын толтырумен өтеді. 

Барлық храмдарда тиісті қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады. Осыған орай денсаулығы әлсіз және 65 жастан асқан адамдардан храмдарға барудан шектелуді сұраймыз, - дейді басқарма басшысы.

Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр  биыл Рождество мейрамын атап өту үшін негізінен Алматыдағы Вознесенск кафедралды шіркеуі таңдалғанын айтты. Ол шіркеу екі жылдық күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін құлшылық етушілерге есігін қайта ашқан. 

Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында құлшылық ету 6 қаңтар сағат 23.00-де басталады. Биыл бәріміз үшін қуанышты жағдай - ол Алматыдағы Вознесенск кафедралды шіркеуіндегі жөндеу жұмыстарының аяқталуы. Ол - Жетісудың рухани әрі тарихи шіркеуі. ҚР Тұңғыш  президенті Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында бұл шіркеу қайта жөндеуден өтіп, оның сәулет құрылысын қайта қалпына келтіруге Қазақстан, Ресей және шетелдік мамандар қызмет етті. Қаңтардың 7-сі күні Алматы телеарнасынан осы шіркеу жайлы «Алатау баурайындағы Храм» атты фильм көрсетіледі, - дейді Астана және Қазақстан митрополиті Александр.

Рождество мейрамы кезінде карантин шаралары қатаң сақталатыны туралы осыған дейін жазғанбыз.



Өзгелердің жаңалығы