Биыл Қызылордада 2 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

2 Қараша 2024, 07:15
379
Бөлісу:
Биыл Қызылордада 2 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: polisia.kz

Қызылордада жыл басынан бері екі мыңға жуық құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұсақ құқық бұзушылықтарға “мүлдем төзбеушілік” қағидатын ұстану тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл профилактикалық шараның негізгі мақсаты – облыс тұрғындарын өңір көшелері мен аулаларындағы қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауға шақыру. Учаскелік полиция инспекторлары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрмыстық қатты қалдықтарды рұқсатсыз жинау мен шығаруға қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу үшін рейдтер өткізіп жатыр.

Қызылорда қаласында жыл басынан бері 1900-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, қазан айында қала тұрғыны масаң күйінде дүкен ішінде балағат сөздер айтып, айқай шығарған. Дүкен иесі полицияға хабарласып, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша – 327 адам, ӘҚБтК-нің 73-бабымен – 609 адам, ӘҚБтК-нің 608-бабымен 293 адам жауапкершілікке тартылды. “Мүлдем төзбеушілік” қағидаты аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында шаралар әрі қарай жалғасын табады

Өзгелердің жаңалығы