Биыл құны 536 млрд болатын 291 инвестициялық жоба іске асырылады - АШМ

4 Сәуір 2023, 15:05
663
Бөлісу:
Биыл құны 536 млрд болатын 291 инвестициялық жоба іске асырылады - АШМ
Фото: egemen.kz

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін ауыл шаруашылығы министрлігі бірқатар жүйелі және жедел шара қабылдайтын болады. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі кешенді түрде шешілетін болады. Осы жылдың соңына дейін 536 млрд теңге сомасына агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша 291 инвестициялық жоба іске асырылады. Жалпы, 2023-2026 жылдары 2,6 трлн теңге сомаға 700 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, - деді Қарашөкеев Үкімет отырысында.

Қарашөкеевтің айтуынша, сүт, құс еті, көкөністер импортын алмастыру жөніндегі ірі өнеркәсіптік инвестициялық жобаларды Солтүстік Қазақстан облысының табысты тәжірибесін тираждау есебінен іске асыру жоспарланып отыр.

Ол облыс әкімдіктеріне 10 жыл мерзімге агроөнеркәсіптік кешені субъектілерін сенім білдірілген агент арқылы одан әрі кредит беру үшін мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу арқылы айқындалатын жеңілдетілген қайтарымды бюджеттік кредит (0,01% мөлшерлеме) бөлуді көздейді. Агроөнеркәсіптік кешені субъектілері үшін кредиттер негізгі борыш пен сыйақы бойынша жеңілдікті кезеңмен жылдық 2,5 пайызбен 10 жылға дейін берілетін болады, - деді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және олардың бағасы туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы