Бағаны өсірмесек, тапшылыққа ұрынамыз - Смайылов

4 Сәуір 2023, 11:04
732
Бөлісу:
Бағаны өсірмесек, тапшылыққа ұрынамыз - Смайылов
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Үкімет отырында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Ол ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және олардың бағасы туралы айтты.

Елімізде жанар-жағармай өндіру жыл сайын өсіп келеді. Сонымен қатар, оны тұтыну көлемі де арта түсуде.

Бірақ, ол біздің өзіміздің ішкі тұтыну көлемінің өсуімен байланысты болып отырған жоқ. Бағасы айтарлықтай арзан болғандықтан, біздің отынды көрші елдерге тасып әкету үрдісі белең алды. Мәселен, бензин құны Ресейде 45%-ке, Қырғызстанда 64%-ке, Өзбекстанда 100%-тен жоғары, – деді ол.

Айтуынша, нәтижесінде жанармай тапшылығына, әсіресе егін жұмыстарын дизель отынымен қамтамасыз етуде елеулі қиындықтарға тап боламыз.

Бүгінде отандық мұнай өңдеу зауыттары өз мүмкіндіктерінің ең жоғары шегінде жұмыс істеуде. Сондықтан, бензин мен дизель отынының бағасын одан әрі ұстап тұру елдің энергетикалық қауіпсіздігіне теріс әсер етуі мүмкін. Біз Қазақстан мен көршілес елдер арасындағы баға айырмасын төмендетуге мәжбүрміз. Бізде бұдан басқа жол жоқ. Әйтпесе, бір айдан кейін жанармай тапшылығына тап боламыз, – деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы