Биыл Қостанайда орташа еңбекақы көлемі артқан

16 Маусым 2023, 18:48
459
Бөлісу:
Биыл Қостанайда орташа еңбекақы көлемі артқан
Фото: ОКҚ

Биыл Қостанайда орташа еңбекақы көлемі 23 пайызға өскен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Жыл басынан бері қысқа мерзімді экономикалық индикатор 3,4 пайызға, орташа айлық еңбекақы 23 пайызға өсті. Негізгі капиталға инвестициялар көлемінің 38,1%-ға, өңдеу өнеркәсібінің 21,8%-ға, көліктің 8,9%-ға, құрылыс жұмыстарының 6,7%-ға, ауыл шаруашылығының 4,1%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру мен сауданың 3,5%-ға өсуі қамтамасыз етілді, - деп атап өтті өңір басшысы.

Сонымен қатар әкімшағын және орта бизнес өкілдері неғұрлым көп болса, экономика қарқынды дамитынын ескертті.

Облыста жұмыс істеп тұрған субъектілердің саны 64,6 мың бірлікті құрайды, оларда облыстың экономикалық белсенді халқының үштен бірі жұмыс істейді. Былтыр субъектілердің өнім шығаруы 26,1% өсіммен 2,1 трлн теңгені құрады. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі – 33,0%. Шағын және орта бизнес субъектілері шамамен 121,0 млрд теңге сомасына салық төледі. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ағымдағы жылы жеңіл кредит беруге 12,4 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп, - деді Құмар Ақсақалов.

Өзгелердің жаңалығы